Мәзір

Зиянкес көбелектер Алматы облысының алма бақтарын шабуылдады

03.08.2023
Зиянкес көбелектер Алматы облысының алма бақтарын шабуылдады

Кейінгі кездері Алматы облысының алма бақтарында алма мөлдір қанатты көбелегінің (Synanthedon myopaeformis) саны артып келеді, деп хабарлайды World of NAN.

Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин институтының айтуынша, зиянкес көбелек ескі және қараусыз қалған ағаштарға жиі шабуыл жасайды.  

«Алма мөлдір қанатты көбелегі бақтарға үлкен зиян келтіреді, көптеген бағбандар бұл зиянкестер туралы білмеуі мүмкін. Зиянкестің бұл түрін бағбандар зиянкес деп қабылдамайды, өйткені сыртқы түрі араға ұқсайды. Бұрын бұл түр Қазақстанның батысында ғана байқалған, қазір ол елдің оңтүстік-шығысындағы алма бақтарда таралып жатыр», - дейді ғылыми зерттеу институты.  

Ағаштардың алма мөлдір қанатты көбелегімен зақымдануын алма ағашының діңгегінен жоғары қарай кемірілген бұралмалы жолдар арқылы тануға болады. Қабықтағы тесіктерден шырын шығады. Ағаш әлсіреп, оның қоректенуі бұзылады, алдымен жеке бұтақтар, содан кейін ағаш толығымен қурайды. Зақымдалған жерлердің үстіндегі қабық қабыршақтанып, саңырауқұлақ қоздырғыштарының инфекциясының тууына ықпал етеді, сонымен қатар қауіпті карантиндік ауру - жемістердің бактериялық күйігі де пайда болуы мүмкін.

Алманың мөлдір қанатты көбелегімен күресу шаралары:

- жеміс ағаштарын күту бойынша күзгі және көктемгі профилактикалық жұмыстар.

- жәндіктердің колониясын болдырмау үшін зақымданған орындарды уақтылы емдеу.

- діңгектер мен бұтақтарды ақтау.

- инсектицидтермен өңдеу: БИ-58 - 0,8-2,0 л/га, Проклэйм фит - 0,1-0,2 л/га.

- биологиялық препараттар: Битоксибациллин-2,0-3,0 л/га, Лепидоцид-0,5-1,0 л/га.

Сонымен қатар, зиянкестің бұл түрімен күресу үшін Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ энтомологтары әзірлеген жәндіктерге қарсы тұзақты қолдануды ұсынады. Олардың айтуынша, тұзақты жасау жеңіл әрі оған аз ғана шығын кетеді: беті жабық пластик бөтелкеге көбелекті еліктіргіш сұйықтық құйып (тәтті жеміс шырыны, т.б.), бөтелкенің ішіні көбелек кіре алатындай тесік жасау керек. Тесіктен кірген көбелек тұзаққа түсіп, одан қайта шыға алмайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии