Мәзір
04 ақпан 2022

"AGRITEK/FARMTEK ASTANA 2022" : 17-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

2022 жылдың 16-18 наурыз аралығында TNT EXPO, LLC. Нұр-сұлтан қаласында AgriTek/FarmTek Astana'2022 17-ші Халықаралық Мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесін өткізеді, көрме Қазақстандағы ең маңызды ауыл шаруашылығық іс-шараларының бірі болып саналады.

Көрме аумағы 11 мың шаршы метр болатын зал мен сыртқы алаңды қамтитын заманауи мамандандырылған "EXPO" халықаралық көрме орталығында өткізіледі.

Көрмеде сіз ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерін, суару және тыңайтқыш технологияларын, тұқымдар мен көшеттерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологияларды, мал азығын, ветеринарлық технологияларды және т. б. көре аласыз.