Көрме Қазақстанда оныншы рет өткізіліп жатыр және өзін ауқымды және де жоғары сапалы кәсіби оқиға ретінде танытты. Іс-шараның барлық қатысушылары тыныш жұмыс ахуалында өздерін қызықтырған мәселелерді талқылай алады және технологиялар, тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты тікелей, кампанияның адамдарынаң ала алады, бұл оларға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы барлық соңғы жаңалықтарды білуге мүмкіндік береді.
Көрмеге қатысушылар – бұл 30-дан астам жақын және алыс шет елдерден 300-ден астам ірі, танымал әлемдік агро концерндер.
"ҚазАгро/ҚАЗФАРМ 2021" көрмесінің негізгі тақырыптық бөлімдері:
- Ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтары және олардың қосалқы бөлшектері
- Өнімді өндірудің, жинаудың, сақтаудың заманауи технологиялары
- Шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, фермерлік шаруашылықтарға, саяжай учаскелеріне арналған механикаландыру құралдары
- Суару, бүрку және дренаждың жаңа технологиялары
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін буып-түю, буып-түю материалдары
- Ауыл шаруашылығы құрылысы, қоймалар және қойма жабдықтары
- Бағбандық, жүзім шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы
- Биотехнология, ауыл шаруашылығы шикізаты мен өнімінің сапасын бақылау
- Өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар және оларды қолдану технологиялары
- Азық өндіру
- Жабық грунт технологиясы
- Өсімдік шаруашылығындағы Генетика және селекция
- Тұқымдар, көшеттер, көкөніс-жемістер
- Агроэкология
- Ұн тарту жабдығы
- Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтар
- Темекі, темекі өнімдері
- Аграрлық ғылым, білім, басылымдар