Соңғы жылдары Бельгия Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің қатарына кірді. Елдер арасындағы тауар айналымы 2019 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 41% өсіп, 374 миллион АҚШ долларынан асты. Қазақстаннан Бельгияға экспорт екі есеге өсті, ал импорт бестен екі бөлігін құрады.
Мұндай өзгерістер Бельгияның Қазақстанмен жаңа экономикалық байланыстар орнатуға дайын екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы елдер арасындағы ынтымақтастықтың ең тиімді бағыты бола алады.
Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаль екі елдің кәсіпкерлері қандай ауқымды жобаларды бірлесіп жасай алатындығы жайлы келелі сұхбат берді.