Мәзір
11 қараша 2020
1838

Қазақстандық өндірушілер есептен шығару ақысына қарсы бірігуде

10 қарашада Қазақстан Баспасөз клубы және «Ел тірегі» ӨКО біріге отырып есептен шығару ақысы тақырыбына Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында онлайн телекөпір өткізді.

Оның аясында автоөндіріс, ауылшаруашылық, кабельдік және электротехникалық өнімдердің, сондай-ақ азық-түлік өнеркәсібінің отандық өндірушілері бірауыздан жаңа Экологиялық кодекстің жобасын өзгерту қажеттілігін мәлімдеді: атап айтқанда, жабдықтар мен өнімдердің әр түрлері үшін қайта өңдеу ақысын алып тастау немесе оның мөлшерлемесін бірнеше есе төмендетуді сұрады.

Мәселен, отандық фермерлер ауылшаруашылық техникасын есептен шығару ақысы қазақстандық техниканың дамуына көмектеспейді, тек техниканың өзіндік құнының өсуіне және негізсіз алым-салыққа алып келіп, ақыр соңында азық-түлік тауарларының бағасына кері әсерін тигізеді және жалпы алғанда инфляция деңгейін өсіреді деп бірнеше рет айтқан еді.

Похожие материалы