2019 жылдың қорытындысы бойынша ет және ет өнімдерінің экспорты 63 мың тоннаға жетті. Осылайша, Қазақстан бүгінде ет экспорттаушы елдер арасында 17-ші орында тұр. Соған қарамастан, сырттан келетін ет импортына әлі күнге дейін тосқауыл қойылған емес. Жалпы бұндай шара қажет пе? Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қазаннан бастап сиыр етінің импортына квота бөлуді бастады. Бұл квота бізге не үшін керек? Импорттың артуы ішкі нарыққа қалай әсер етеді? Осындай өзекті сұрақтарға біздің сарапшылар жауап берді.