Әлемде ауа, жер, су, күн сияқты құны теңдессіз дүниелер бар. Бұл тізімге нанды да жатқызуға болады. «Ас атасы –нан» деп бекерге айтпайды. Хош иісті қара бидай наны, ыстық таба нан, бауырсақтар - осының бәрін біз үнемі дастарханнан көреміз. Бірақ сол бір үзім нанды пісіру үшін қаншама күш-жігер мен табандылық қажет екенін бір сәт ойланып көрейікші. Шын мәнінде, дүйім жұрт егін алқабындағы қажырлы еңбектің азабын түсіне бермейді.
16 қазан - Дүниежүзілік нан күні. Осы мерекеге орай, "Егін үшін жан пида" атты жаңа жобамыздың тұсауын кесуді жөн көрдік. Деректі фильмнің бас кейіпкері - "Олжа Агро" холдингінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров.