«Евразия Групп Казахстан» ЖШС компаниясы Ақмола облысында ТМД-дағы ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ең ірі сервистік орталықты ашты.
Сервистік орталық отандық фермерлерге соңғы үлгідегі инновациялық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді. Кешен ішінде ауыл шаруашылығы жабдықтары мен қосалқы бөлшектердің ірі қоймасы, күрделі жөндеу бөлімі, цифрландыру бойынша оқыту орталығы және тағы басқа бөлімдер орналасқан.
Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі, Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі және ГФР Елшісі қатысып, ауқымды аутлеттің ашылуын жоғары бағалады.