Мәзір
28 маусым 2021
1459

Көкшетауда ТМД-дағы ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ең ірі сервистік орталықтың құрылысы аяқталуда

Eurasia Group AG швейцариялық компаниясы – әлемдегі жетекші ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші John Deere компаниясының ұлттық дилері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы JCB, Grimme, Lindsay дилері болып табылады. Аталмыш компания елдегі ауыл шаруашылығы үшін кешенді шешімдердің ірі жеткізушісі болып табылады. Компания Қазақстанда ашылған 2002 жылдан бастап – неміс және швейцариялық инвесторлар тобы шамамен $65 млн тікелей инвестиция салып, республика бойынша 14 өкілдік, 400-ден астам жұмыс орнын, $15 млн астам сомаға 14 қойма және 6 мамандандырылған шеберхана ашты.

Шілде айының соңында Eurasia Group AG компаниясы 10 га аумақта орналасқан  ауданы 13.000 м2 құрайтын ТМД-дағы ең көлемді John Deere дилерлік орталығын ашады. 

Толығырақ бейнематериалдан білетін боласыз.

Похожие материалы