Ауыл шаруашылық саласының сарапшылары рапс өсіру өте тиімді деп санайды. Кейінгі жылдары рапс алқаптары жылдан-жылға көбейіп келеді. Бүгінгі таңда әлем бойынша 32 миллион гектардан асты. Ал Қазақстанда 127 мың гектар егіс алқабы себілді. Жаздық рапстың сапалы тұқымымен біздің нарықты «Рапуль Қазақстан» компаниясы қамтамасыз етіп отыр. Олар осы дақылды өсірудің оңтайлы технологиясын қалыптастыруға да өз үлесін қосты. Соның арқасында біздің фермерлер рапспен қалай жұмыс істеу керектігін жетік меңгерді. Үздік технологиялардың арқасында құрғақшылық кезінде де мол өнім алып отыр. Қазір олар өз тәжірибелерімен, жеткен жетістіктерімен бөлісуде.