Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерді бұрмалап, шаруа қожалықтарындағы мал басын артығырақ жазған. Осының салдарынан жайылым жер дефициті туындаған, деп хабарлайды World of NAN.
Түркістан облысының прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін Әкімшілік кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты. Олар мал шаруашылығындағы көрсеткіштерді жоғары көрсету үшін сандарды бұрмалаған.
Ал Ауыл әкімдерінің бұрмаланған дерегін аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын дайындау барысында қолданған. Сөйтіп шын мәнінде мал саны соншалықты көп емес екені ортаға шықты. Қазіргі сәтте статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн. га-дан 652 мың га дейін төмендеген.
Осыдан он шақты күн бұрын ауыл шаруашылығы министрінің Үкіметте жасаған баяндамасында да деректер нақты көрсетілмей, цифрлардың біразы бұрмалана берілген. Министрліктің баспасөз қызметінен түсіндірме сұрағанымызбен, нақты жауап ала алмаған едік.
Депутат Серік Егізбаев та Үкімет сағатында статистикалық деректердің шынайы ахуалдан хабар бермейтінін атап өткен болатын. Ол мұның себебін әкімдіктер арасында көп жылдан бері қалыптасқан жасырын бәсекелестікпен түсіндірген еді.
Прокуратураның баспасөз хабарламасында осындай кемшіліктер қайталанбас үшін бірнеше мемлекеттік мекемеге ұсыныстар жіберілгені айтылады. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша Агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение