Күн белсенділігінің қазіргі циклі шарықтау шегіне жетіп, Эль-Ниньо құбылысы бір жарым-екі жылдан аспайтын болса, биылғы жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін. Бұл туралы World of NAN порталы ria.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Эль-Ниньо құбылысы Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде беткі температураның аномальды жоғарылауымен сипатталады.
«Нақтысын айту қиын, 2024 жыл шынымен де ең ыстық жыл болуы мүмкін. Эль-Ниньо 2023 жылдың жазында басталды. Бір жарым-екі жылға созылса, 2025 жылдың ортасында аяқталады. 2024 жыл толығымен Эль-Ниньоның астына түссе, бұл ең ыстық жыл болуы мүмкін дегенді білдіреді», - дейді климатолог Алексей Кокорин.
2024 жылы рекордтық температураға әсер етуі мүмкін тағы бір фактор - күн белсенділігі.
«11 жылдық күн циклінің шыңы 2024 жылы болуы мүмкін. Оның әсері Эль-Ниньо әсерінен шамамен үш-төрт есе аз, бірақ соған қарамастан ол байқалады», - деп қосты климатолог.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение