Мәзір

61 тонна қауіпті дәнді дақыл, жидек, көкөніс және жемістің Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды

07.11.2019
61 тонна қауіпті дәнді дақыл, жидек, көкөніс және жемістің Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды

Ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары 60 тоннадан астам қауіпті импорттық дәнді дақылдарды, жидектерді, көкөністер мен жемістерді тәркілеп, кері қайтарды.

Тауарлар елімізге Ресей Федерациясынан, Қытай мен Өзбекстан Республикасынан жеткізілген.

Атап айтқанда, 22 тонна құрма мен мандариннен қауіпті карантиндік зиянкестер - қара цитрустық аққанат және Косток құрты анықталды. Сонымен қатар, АШМ карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторлары қаптама таңбалары жоқ 26 тоннадан астам құрма, 4,4 тонна жүзім, 2,4 тонна қызанақ және 126 кг лимон, фитосанитарлық сертификатты жоқ 5 тонна бидайдың Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салды.

Сондай-ақ, Өзбекстаннан тыйым салынған өнімді қол жүгі арқылы өткізудің бірнеше оқиғасы тіркелді. Бір апта ішінде Түркістан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарында жоғары фитосанитарлық қауіпі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз жеткізудің 15 жағдайы анықталды. ҚР аумағына тасымалдауға тиым салынған өнімдер Өзбекстан Республикасына, Ресей Федерациясына және ҚХР-на кері қайтарылып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев шекара маңындағы аумақтарда ветеринариялық және фитосанитариялық бақылауды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Сонымен қатар, аталмыш заң күшіне енгеннен кейін ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функциялары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии