Мәзір

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын 728 компания Қытай нарығына шыққысы келеді

26.07.2024
Өсімдік шаруашылығымен айналысатын 728 компания Қытай нарығына шыққысы келеді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын тоғыз компания мен өсімдік өнімдерін экспорттайтын 728 компания ҚХР импорттаушылар тізіліміне енгізуді күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай нарығына өнімнің 27 түрін, оның ішінде 18 өсімдік және 9 мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы Қытаймен хаттамаларға қол қойды. Жалпы ҚХР тізіліміне 1948 өсімдік шаруашылығы және 40 мал шаруашылығы кәсіпорны кіреді.

Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кеңейту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тағы 10 түрін: ірі қара мал терісін, құрғатылған бие сүтін, мұздатылған құс еті мен құс өнімдерін, жылқы етін, жануарларды союдан алынған өнімдер, жоғары термиялық өңдеуден өткен ет өнімдері, сондай-ақ салқындатылған сиыр және қой еттерін экспорттау үшін ветеринариялық талаптарды үйлестіру мүмкіндігі зерттелуде.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии