Астана прокуратурасы ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізіп, көптеген заң бұзушылықты анықтады. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мал шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын субъектілерге бақылаудың жоқтығы, етті дұрыс тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың орындалмауы, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы заң бұзушылықтар анықталды.
Ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өтпеген мал өнімдерін сатумен айналысатын қала бойынша жүзден астам бақылаусыз жатқан субъектілер бар.
Зертханалардың бәрінде ветеринариялық-санитариялық жағдайды бұзу фактілері анықталып, кейбір зертханада ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз іс-шаралар жүргізілді.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар - әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы - тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение