Мәзір

Монополияға қарсы орган азық-түлік бағасын төмендетуге мәжбүр етті

10.11.2021
Монополияға қарсы орган азық-түлік бағасын төмендетуге мәжбүр етті

Елорданың ірі сауда желілері монополияға қарсы органның әрекеті арқасында азық-түлік бағасын төмендетті, деп хабарлайды World of NAN Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің елордалық департаментінің ұсынымдары бойынша «Magnum Cash&Carry» ЖШС, «Скиф Трейд» ЖШС, «METRO Кэш энд Керри» ЖШС, «Анвар» ЖШС сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін 15% - дан 10% - ға дейін өз еркімен төмендетті. Айта кету керек, жоғарыда аталған субъектілердің елордадағы сату нарығындағы үлесі 88% құрайды, бұл оларға жалпы жағдайларға әсер етуге мүмкіндік береді.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына ішкі сауда субъектісі жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушісінің сатып алу бағасының 15%-нан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтінін еске саламыз.

Сонымен қатар, нарық субъектілері адал бәсекелестікті сақтауға міндетті. Олар бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысуға жол бермеуі, оның ішінде азық-түліктің негізсіз бағаларын белгілеуге және ұстап тұруға тыйым салуы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кәсіпкерлерді азық-түлікке жоғары үстемеақы белгілеу фактілерін уәкілетті органдарға хабарлауға шақырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии