Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрдің айтуынша, Қазақстан Армениядан жаңа піскен жемістер мен ерте көкөністерді, жаңғақтарды жеткізуге, кондитерлік және макарон өнімдерін, шоколад пен сүт өнімдерін жеткізуді арттыруға мүдделі. Сондай-ақ ет және ет өнімдері мен күнбағыс майын экспорттау әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.
Өз кезегінде Армен Гевондян бірқатар ұсыныстарын айтты. Осылайша армян тарапы селекция, тұқым шаруашылығы және Қазақстан Республикасынан Арменияға астық жеткізу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі.
«Қазақстан астық өндіру және экспорттау бойынша жетекші орындардың бірін алады. Сіздердің бидайыңыздың құрамында глютен жоғары, мен оны Арменияға жеткізуді ұйымдастырғым келеді. Осы мәселе бойынша көмек көрсетуіңізді сұраймын. Бізді фитосанитарлық қауіпсіздік пен ветеринария мәселелері де қызықтырады», - деді елші.
Арменияға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2,9 миллион долларды, импорты – 6,3 миллион долларды құрады. Өткен жылы жеміс шырындары, минералды және газдалған су, ашытылған сусындар және көкөніс консервілері түріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты өсті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение