Мәзір

Австралиялық маман: Қазақстан көптеген мемлекетті тамақтандыра алады

11.12.2023
Австралиялық маман: Қазақстан көптеген мемлекетті тамақтандыра алады

Қазақстанның мал өсірушілері Австралияға сапары барысында елдегі ірі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің бірі «Elders» компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл туралы World of NAN порталы үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Elders» жылына шамамен 1,3 - 1,7 миллион ірі қара (Австралиядағы жалпы сату айналымының шамамен 12%-ы) және 10 миллион қой (нарықтың шамамен 20%-ы) сатады.

Компания Қазақстанда бұрыннан жұмыс істеп келеді. Қостанай облысында екі өндіріс орнын іске қосқан: «Север-Агро» және «Терра». Онда компания өндірістің бүкіл циклін құрастыра алыпты: егістік жерлерді ұйымдастырған, бордақылау алаңдарын салып, мал әкелген.

«Менің ойымша, сіздердің елдеріңізде бәрі сіздер қалағандай болуы мүмкін. Сіздерде жер, инвестициялау мүмкіндігі бар, сіздер орталықта орналасқансыздар, көптеген елдерді тамақтандыруға болады. Ең бастысы – сауданы жолға қою», – дейді Elders кеңесшісі және агроменеджер Брюс Крик.

«Terra» компаниялар тобы Қазақстанда 20 мың бас ірі қара малға арналған ірі бордақылау алаңымен танымал. Компания басшылығы австралиялық тәжірибені 12 жыл бұрын енгізген.

«Одан әрі өсу перспективалары бар, сондықтан біз Аустралияға жаңа тәжірибе қабылдауға тағы да келдік, өйткені бұл әлемдегі ең ірі сиыр етін экспорттаушылардың бірі. Қолда бар бордақылау алаңдарының тиімділігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мысалы, қуаттылығы 20 мың бас Терра өткен жылы 27 мың бас айналым жасады. Біздің БҚО-дағы 5 мың басқа арналған бордақылау алаңымыз 7 мың басты қабылдады. Көріп отырғанымыздай, бұл шек емес, ең аз инвестициямен айналымды кем дегенде 2 есе арттыруға болады», - дейді Terra компаниялар тобының серіктесі Қайыржан Наурызғалиев.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии