Мәзір

Беларусь Қазақстаннан астық сатып алуды жоспарлайды

25.10.2019
Беларусь Қазақстаннан астық сатып алуды жоспарлайды

Беларусь Қазақстаннан астық сатып алуға ниетті, - деп хабарлады Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

«Бізде мал шаруашылығы жоғары дамыған, бірақ сонымен бірге біз қауіпті егіншілік аймағында тұрмыз, сондықтан сіздерден мал шаруашылығымызды дамыту үшін бидай, ең алдымен жемдік астық сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді Лукашенко қазақстандық мемлекеттік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Беларуссияда қатты бидай сұрыптары жеткіліксіз екендігін атап кетті.

- «Қатты бидайдың өзі де 50-70 мың тоннаны құрайды. Аз да болсын бізге қажет. Біздің өзімізде болғанына қарамастан, бізде жеке өнімдерді өсіруге арналған бидай жеткіліксіз», - деп толықтырды Беларусь Президенті.

Сонымен қатар, Қазақстанмен өзара сауда жасауға өз ниетін білдірді. Оның айтуынша, Беларуссияның аграрлық секторы бүгінде сыртқы нарықта жыл сайын 5-6 миллиард доллар көлемінде өнім сатады. Болашақта астық көлемін 7 миллиард долларға дейін үлғайтуды және де сыртқы нарыққа жеткізілімді, оның ішінде Қазақстанға да, жоспарлайтынын айтып кетті.

Ақпарат көзі: https://time.kz/news


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии