Мәзір

Жамбыл облысында 43 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

17.07.2024
Жамбыл облысында 43 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысында пайдаланылмай жатқан 43 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2022 жылдың маусым айында аумақтық департамент облыстағы ЖШС-нің біріне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде жалпы алаңы 43 746 гектарды құрайтын пайдаланылмай жатқан жер учаскелері анықталды.

Жер кодексінің 92, 94-баптарын басшылыққа ала отырып, бөлім 1 жыл мерзімге міндетті бұйрық шығарды. Бұл ұйғарым орындалмады, сондықтан ағымдағы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына меншік иесінен (жер пайдаланушыдан) жер телімін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінді.

Аудандық арнайы экономикалық соттың 2024 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды. 2024 жылдың 16 шілдесінде апелляциялық соттың шешімі заңды күшіне енді. Осылайша жалпы көлемі 43 746 гектар жайылымдық жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии