Мәзір

Бұрынғы бағдарламашы ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

10.11.2021
Бұрынғы бағдарламашы ауыл шаруашылығы вице-министрі болды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап World of NAN.

Бағлан Әбдашымұлы 1983 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, М.Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ бітірген. Мамандық бойынша жіктеу – есептеу техникасы мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған. 2008-2016 жылдары -«ҰАТ» АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды. 2020 жылға дейін ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың шілде айынан бастап жеке компанияның бас директоры болып жұмыс істеген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии