Мәзір

Депутат: фермерлер сүтті далаға төгуге мәжбүр

02.05.2024
Депутат: фермерлер сүтті далаға төгуге мәжбүр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов сүт өндіру саласында жұмыс істейтін фермерлердің ауыр мәселесін көтерді, деп хабарлайды World of NAN.

Оның айтуынша, фермерлер сүтті отандық өңдеушілерге сата алмайды. Бұл ретте мемлекет жүздеген жаңа сүт фермаларын салу міндетін қойып отыр.

«Солтүстік Қазақстан облысында шағын шаруа қожалықтарының иелері сұраныс болмағандықтан сүтті далаға төгуге мәжбүр болған жағдайлар бар. Елдегі жағдай осындай. Біз сүт өнеркәсібіне мемлекеттік және жекеменшік орасан инвестицияның босқа кеткенін көріп отырмыз», - деді депутат.

Оның айтуынша, көршілес елдерден шикізат әкелініп, сүт өніміне сұраныстың төмендеуіне байланысты өңдеушілер қосымша жеткізу келісім-шарттарын жасасудан бас тартады.

«Қазақстан нарығын жаулап алу үшін көршілес елдердің кәсіпорындары демпингке оңай барады, соның салдарынан отандық компаниялар қаражатсыз қалып, сүт өнеркәсібі шығынға ұшырауда. Бірақ отандық кәсіпорындар банкрот болған соң «одақтастардың» бағасы осы деңгейде қалатыны шындық емес», - деп қосты мәжілісмен.

Депутат сүт саласын субсидиялау және ҚҚС төлеуден босату арқылы дамыту стратегиясын қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ ішкі нарықты заңнамалық тұрғыдан қорғап, экспорттық бағыттар бойынша жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии