Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап күнбағыс дәніне экспорттық баж салығын алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды World of NAN.
Депутаттың айтуынша, ауыспалы қорды ескере отырып, күнбағыстың жылдық жиынтық жеткізілімі импортты есепке алғанда күнбағыс майын өндіру және ішкі нарыққа жеткізу үшін шикізатқа қажеттіліктен 2 есе жоғары. Бұл ретте Ресейден жыл сайынғы күнбағыс дәнінің импорты рекордтық деңгейге жетеді. Ал бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облыстарынан бөлек Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды облыстарының диқандары күнбағыс өсіруді қолға алды.
Баж салығын алып тастау отандық фермерлерге сұранысы жоғары өнімдерді Өзбекстан мен Қытайда әділ бағамен сатуға мүмкіндік береді. Ішкі нарықтағы және экспорттық баға арасындағы айырмашылық бүгінде тоннасына 60 мың теңге шамасында. Осылайша, 226 мың тоннадан астам күнбағыстың экспорттық әлеуетін ескерсек, шаруалар 13 миллиард теңгеден астам кіріске қол жеткізе алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение