Мәзір

Депутаттар ауылшаруашылық санағынан мән-мағына көрмейді

22.04.2024
Депутаттар ауылшаруашылық санағынан мән-мағына көрмейді

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі санақтың сапасын сынға алды, деп хабарлайды World of NAN.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Қазақстанда кең ауқымды ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі, онда мал басы, егістік жерлер, шаруа қожалықтары және т.б. агроөнеркәшіп кешеннің көрсеткіштері есепке алынады.

«Сіздер осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығына қатысты екі санақ жүргіздіңіздер. Олардың нәтижелерінен ауыл шаруашылығы ештеңе ұтқан жоқ. 2025 жылғы халық санағын қалай өткізесіз? Осы санақтың нәтижелері бойынша қандай саяси шешімдер қабылданады?» – деп сұрайды депутат.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады, ол тек дайындығын баяндады.

Бірақ ауыл шаруашылығындағы басты мәселелердің бірі – біржақты статистика екенін біз жақсы білеміз. Әкімдер жыл сайынғы өсім туралы қуана есеп береді, ал үкімет нақты көріністі көрмей отыр. Ал егер статистика тамаша болса, саланы дамытудың жөні жоқ. Осылайша, кейбір аймақтарға субсидия немесе басқа мемлекеттік қолдау көрсетілмейді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии