Мәзір

Сібір жарасының он көміндісін су басып кетті

15.04.2024
Сібір жарасының он көміндісін су басып кетті

Еліміздің су басқан 3 облысында 10 сібір жарасы ауруының көмілген орны бар. Бұл туралы World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Барлық учаскелерден топырақ сынамаларын алу үшін ветеринария және медицина мамандарынан тұратын арнайы жұмыс топтары жіберілді. Әрбір сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада және Ұлттық ветеринариялық референттік орталықта ПТР зерттеулері мен бактериологиялық зерттеулер жүргізілді.

Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша сібір жарасының болуы анықталмады. Яғни, жер бетіне сібір жарасының спораларының шығуы болған жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Ведомствоның мәліметінше, барлық өңірде сібір жарасы, эмкар, аусыл және басқа да аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарлы екпе жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сібір жарасының споралары 80-100 жыл өмір сүретінін еске саламыз. Ауру жануарлардың өлекселері өртенбесе және дұрыс жойылмаса, онда споралар сумен шайылып, жер бетіне тарала алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии