Мәзір

Дәнді және майлы дақылдардың Қазақстандағы және экспорттық өтудегі бағалары

12.11.2019
Дәнді және майлы дақылдардың Қазақстандағы және экспорттық өтудегі бағалары

2019 жылдың 8 қарашасына елдегі және экспортқа шығару бағалары төмендегідей көрсетілген:

Бір тонна 23 дәнмаңыздың нарықтағы бағасы ҚҚС-пен есептегенде 80 мың теңге деңгейінде бекітілді. Орташа есеппен бір тонна үшін ҚҚС-пен есептегенде 84 мың теңгеге 25-26 дәнмаңыз сатылады.

28 дәнмаңыз - ҚҚС қоса санағанда 87 мың теңге, 30 дәнмаңыз – ҚҚС есептегенде 88 мың теңге.

Ал "төрттік" (21 дәнмаңыз) орта есеппен ҚҚС қоса санағанда 73 мың теңгеге сатылады. Бесінші сұрыптың бағасы - бір тонна үшін ҚҚС-пен 60 мың теңге.

Премиум сұрыпты бидай ҚҚС-пен есептегенде 104 мың теңгені құрайды, ал орта сапалы дурум ҚҚС-пен 80 мың теңгеден сатылады.

Сондай-ақ, сапасы төмен қатты бидайдың бағасы 55-60 мың теңгені құрайды.

2019-2020 жылғы сауда маусымы қазақстандық майлы дақылдары үшін өте сенімді басталды десек болады. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, 2018 жылмен салыстырғанда жөнелтілу 19%-ға артты. Алайда, бұл өсім бір ғана дақылдың арқасында болғанын атап өтейік.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии