Мәзір

Экспорттық баж салығы іске асты: күнбағыс майы 24% арзандады

02.05.2024
Экспорттық баж салығы іске асты: күнбағыс майы 24% арзандады

Energyprom.kz мониторинг агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың наурыз айының соңында күнбағыс майының бөлшек саудадағы бағасы 24,6%-ға арзандады, деп хабарлайды World of NAN.

Бұл ретте елімізде өнім өндіру көлемі артып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 80,1 мың тонна, бір жылда 26,3%-ға артқан. Екінші және үшінші қатарда Абай (35,2 мың тонна) және Ақмола (20,7 мың тонна) облыстары орналасқан.

Өсімдік майының жалпы өндірісінің 70,3%-ы тазартылмаған күнбағыс майынан алынды: үш айда өндіріс 33,7%-ға өсіп, 136,6 мың тоннаны құрады. Тазартылған күнбағыс майы 33,6 мың тонна, былтырғыдан 22,3% артық өндірілді.

Бұл ретте рапс (56,8%-ға, 9,6 мың тоннаға дейін), мақсары (48,4%-ға, 755 тоннаға) және соя (6,5%-ға, 6,4 мың тоннаға дейін) майларының өндірісі төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, күнбағысқа экспорттық баж салығы бағаны төмендетуге уәде берген отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген болатын. Бірақ баға индексіне ресейлік өнімдер де әсер ететінін ескерген жөн.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии