Мәзір

Элеваторлар мен астық қабылдау пункттеріне қосымша табыс түрлерімен айналысуға рұқсат берілді

26.11.2019
Элеваторлар мен астық қабылдау пункттеріне қосымша табыс түрлерімен айналысуға рұқсат берілді

Аграрлық-өнеркәсіптік кешендеріне қолайлы бизнес орта қалыптастыру мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі беріліп отыр.

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасы.

Атап айтқанда, ҚР «Астық туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешендері субъектілеріне:

  •  жеке меншік нысанындағы темір жол жолдарын өзге субъектілерге пайдалануға беру;
  •  жарма өнімдерін сату;
  •  май тұқымдарын өңдеу және сату;
  •  астық қалдықтарын сақтау, - қызметтері арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік беріледі.

Жаңа заң қабылданғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарына қоймаға жатпайтын қызметтермен айналысуға тыйым салынатын. Енгізілген өзгерістер оларға қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии