Иранның Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың наурыз айына дейін бидай импортын тоқтатуды жоспарлап отыр. Себебі елдегі бидай өндірісі ішкі нарықтағы сұранысты толық қанағаттандырады, деп хабарлайды World of NAN.
Дегенмен Иран билігі егін жинау әлеуеті егіннің пісу кезеңінде жауатын жауын-шашын мөлшеріне айтарлықтай тәуелді болатынын жоққа шығармайды.
Өткен жылы Иранның ішкі бидай өндірісі 10,5 миллион тоннаға жетіп, ішкі қажеттіліктерді өтеу үшін елге тек 1 миллион тонна астық импорттау қажеттігі туындады.
Былтыр Қазақстан Иранға 68,6 мың тонна, ал 2022 жылы 559,1 мың тонна бидай экспорттаған. Өткізу нарығын ірі деп айта алмаймыз, бірақ солтүстік көршіміз тарапынан ұлғайып бара жатқан бәсекелестік салдарынан одан айырылу да жақсы емес.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение