Мәзір

Еуроодақ Ресей мен Беларусьтен келетін ауылшаруашылық өнімдеріне шектеу қояды

18.04.2024
Еуроодақ Ресей мен Беларусьтен келетін ауылшаруашылық өнімдеріне шектеу қояды

Еуроодақ саммитінде Литва президенті Гитанас Науседаның Ресей мен Беларусь ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын тарифтерді көтеру арқылы шектеу туралы ұсынысы қабылданды, деп хабарлайды World of NAN.

Соғысқа байланысты Литва президенті санкциялық саясатты күшейтуді ұсынды. Ол Ресей мен Беларусь елдерінен Еуропаға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артқанын байқады.

«Біз олардың импортына жол бермес үшін шешім қабылдауымыз керек. Ең алдымен, әріптестерімді Ресей мен Беларусьтен келетін импортты бәсекеге қабілетсіз ету үшін кейбір экономикалық шараларды, қосымша тарифтерді қабылдауға шақырғым келеді», - деді Литва Президенті.

Еуропалық Одақ бұл ұсынысты қолдады, енді ресейлік өндірушілерге жаңа нарық іздеуге тура келеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии