Мәзір

Еуропалық Одақ Ресей мен Беларусь өнімдеріне нарығын жабады

30.05.2024
Еуропалық Одақ Ресей мен Беларусь өнімдеріне нарығын жабады

Еуроодақ Кеңесі 1 шілдеден бастап Ресей мен Беларусьтен келетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортына тоннасына 95 еуро немесе құнының 50% дейін баж салығын енгізеді, деп хабарлайды World of NAN.

Шектелген өнімдер қатарына дәнді және майлы дақылдар (бидай, жүгері, күнбағыс), өңделген өнімдер, жем өнімдері жатады. Бұл өнімдер ЕО тарифтік квотасына да қол жеткізе алмайды.

Еуропалық Одақ Ресейден келетін ауылшаруашылық өнімдері нарықтың бұзылуына әкеледі деп санайды. Осылайша билік жергілікті тауар өндірушілерді қорғағысы келеді. Еуроодақ нарығына Ресейден 4 миллион тоннаға жуық дәнді дақылдар мен майлы дақылдар шығады.

Көрші ел экспортты Таяу Шығыс пен Африка нарығына қайта бағыттауды жоспарлап отыр. Өнімдер Қазақстанның дәстүрлі нарығына келіп-кетпейтіні белгісіз. Дегенмен біздің билік ішкі нарықты қорғайды деп күтуге болмайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии