Мәзір

СҚО-да фермер гидропоника әдісімен қияр өндіреді

20.12.2023
СҚО-да фермер гидропоника әдісімен қияр өндіреді

Петропавлдағы алғашқы инновациялық жылыжай - маусымаралық кезеңде көкөніспен қамтамасыз ететін бірегей жоба. Бұл туралы World of NAN порталы 24KZ сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жылыжай аумағы 32 мың шаршы метрді құрайды, онда «Мева» қияры өсіріледі. Бұл майда дәнекті, орташа жемісті қияр, Қазақстандағы жылыжай дақылдары арасында ең танымалы. Ең жоғары өнім өткен демалыс күндері алынды – тәулігіне 7,5 тонна.

«Гидропоника - өсімдіктерді топырақты пайдаланбастан инертті субстратта өсіру. Өсімдіктің тамыр жүйесі арнайы төсеніште бекітіліп, сонда дамиды. Арнайы төсеніш минералды жүннен немесе кокос жаңғағынан жасалуы мүмкін. Қорек әр өсімдіктің тамырына тамызғыштар арқылы беріледі. Қорек минералды тыңайтқыштар мен судан тұрады», - дейді «Зелёной север» ЖШС жылыжай кешенінің директоры Екатерина Асаёнок.

Келесі жылы компания жылыжайдың аумағын екі есеге арттырып, қызанақ өсіретін екінші бөлімшесін іске қосуды жоспарлап отыр. Күнделікті көкөністердің жалпы жиыны 16 тоннаны құрайды. Алдағы уақытта салат, көк шөп өсіру де жоспарда бар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии