Мәзір

Фермерлер күнбағысқа көбірек субсидия алады

22.02.2024
Фермерлер күнбағысқа көбірек субсидия алады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин әкімдіктерге күнбағыс алқаптарының көлемін көбейтіп, фермерлерді қолдау мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фермерлер мен трейдерлердің айтуынша, күнбағысқа қазіргі экспорттық баж салығын ескерсек, ішкі нарықтағы баға өз құнынан төмен әрі тиімсіз. Соның салдарынан шаруалар күнбағыс тұқымының мол қорымен қалды. Дегенмен, үкіметте өткен жиында вице-премьер президент жүктеген тапсырманы – өңдеуді арттыру қажеттігін еске салды.

Біз майлы дақылдар егісін ұлғайтатын боламыз: биыл әкімдіктер алдына майлы дақылдар егілетін алқаптарды 400 мың гектарға ұлғайту міндетін қойып отырмыз. Және ішкі нарықтағы мүдделер теңгерімі үшін күнбағыс тұқымын өндірушілерді қолдауға мүмкіндік табамыз», — деді Серік Жұманғарин.

Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне күнбағыс өндірушілерін экспорттық баж салығы есебінен бюджетке түсетін көлемде ішкі нарыққа тұқым жеткізу үшін субсидиялау мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Ал күнбағыс тұқымын өндірушілердің өкілдері күнбағыс тұқымының қорын сата алмай жүрген шаруалардың тізімін ұсынса, бұл мәселе әрқайсысымен жеке қарастырылатынын жеткізді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии