Мәзір

Фермерлер кадр тапшылығына байланысты дабыл қағып жатыр

13.06.2024
Фермерлер кадр тапшылығына байланысты дабыл қағып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жергілікті фермерлер шопан, бақташы, механизатор, мал шаруашылығы мамандары, жылқышылар мен мал дәрігерлерін таба алмай жүр. Бұл жөнінде World of NAN ҰКП-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Шағын шаруа қожалықтары жоғары жалақы ұсына алмайды, ал 200 мың теңге жалақы жергілікті тұрғындардың көңіліне жақпайды.

«Бұл салаларда жұмыс істеуге ынталы адамдарды табу қиын, олардың жалақысы төмен, ал кадр тапшылығы болса, фермерлер мал басын көбейте алмайды», - деп, Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Қанат Әбдіғалиұлы атап өтті.

ШҚО шаруа қожалықтары қауымдастығының төрағасы Самат Қыдырмолданың айтуынша, оқу орындарында оқыту курстарын енгізіп, белгілі бір санаттағы кадрлардың еңбекақысын ішінара төлеуге мемлекеттен субсидия төлеу мәселесін қарастыру қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне бөлек жағдай жасау керек.

«Біз агроөнеркәсіптік сала қызметкерлерін 55 жастан зиянды өндірістегі жұмысшылармен тең дәрежеде зейнеткерлікке шығару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмыз», - деп қосты Самат Қыдырмолда.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии