Мәзір

Еуропа фермерлері қайтадан наразылыққа шықты

04.06.2024
Еуропа фермерлері қайтадан наразылыққа шықты

Испанияда жүздеген фермер Франциямен шекарадағы сегіз бақылау-өткізу бекетін тракторлармен жауып тастады. Бүгін Брюссельде тағы бір наразылық шарасы өтеді, деп хабарлайды World of NAN.

Наразылықтар 6-9 маусымда өтетін Еуропарламент сайлауына байланысты туындап жатыр. Фермерлер ЕО-дағы жасыл саясатқа және энергия салықтарының өсуіне жол бергісі келмейді. Белсенділер жанар-жағармай мен тыңайтқыш бағасын да реттеуді талап етуде.

Еске салайық, осыған дейін Еуропарламентте пестицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалануды азайтатын заң жобасы ұсынылған еді. Сонымен қатар бірқатар елде дизельдік отынға субсидиялар алынып тасталды. Бұл тәртіпсіздіктер туғызған соң заң жобасы тоқтатылды.

Бүгінде фермерлер бұл заң жобасы сайлаудан кейін қайта енгізіледі деп қауіптеніп отыр. Сондықтан олар билікке мұндай өзгерістерге қатысты өз көзқарасын көрсетіп жатыр. Фермерлер үшін Еуропада ауылшаруашылық азық-түлік жүйесіндегі өзгерісті әділетті ететін саясатты әзірлеу өте маңызды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии