Мәзір

Фермерлер субсидиялау саласында өз ұсыныстарымен бөлісе алады

22.06.2021
Фермерлер субсидиялау саласында өз ұсыныстарымен бөлісе алады

Фермерлер субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді сараптама аясында өз ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды World of NAN Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жемқорлыққа қарсы агенттік Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуге кірісті.

Агенттік мамандарының сөзінше, бұл жұмыстың мақсаты – өтінімдерді тапсырудан бастап, субсидиялар беруге дейінгі ашық, әрі әділ жүйе орнату, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін мейілінше төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою. Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің қолданыстағы практикасы, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады. Сондай-ақ, халықпен кездесу және жағдайды зерттеу үшін арнайы топтар өңірлерді аралайтын болады.

Мұның сыртында агенттік туындаған мәселелер мен құқықбұзушылықтардың нақты фактілері бойынша фермерлерге taldau@antikor.gov.kz электрондық поштасына хат жолдауына болатынын хабарлайды. Сұрақтар, сондай-ақ, +7 778 668 99 20 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданатыны да ескертіледі.

Жұмыс тобының өкілдеріне «Атамекен» ҰКП филиалдары мен Antikor-агенттігінің еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық департаменттерінің орталықтары арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Агенттік жауапкершілігі мол жұмысқа мәселеге бей-жай қарамайтын барлық белсенді азаматтарды қатысуға шақырады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии