ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қостанай облысында болып, өңірдегі фермерлермен кездесті. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан фермерлер одағының өкілдері «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікпен несие ала алмай жүрген бірнеше шаруа қожалығының мәселесін айтты.
«Кең дала 2» – жаңа АНК бағдарламасы, оның аясында көктемгі егін жұмыстарына қосымша 300 млрд теңге бөлінеді. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі қарастырылған. Кепілді мүлкі жеткіліксіз фермерлер үшін несие сомасының 85% көлемінде «Даму» КДҚ кепілдіктері беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін фермерлер де АКК талаптарының көтерілгеніне шағымданған еді. Отандық фермерлерге несиелік корпорацияның талаптарын орындау өте қиын.
Серік Жұманғарин Аграрлық несие корпорациясының (АНК) өкіліне кешігудің себебін анықтап, шаруаларға жауап беруді тапсырды. Мұндай тапсырманың нәтижесінде күрделі жүйенің қаншалықты өзгеретіні белгісіз. Ал фермерлер қолда бар қаражатты игермесе, алдағы уақытта егіс жұмыстарына мұндай қомақты қаржы бөлінбейді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение