Қазақстанда 2,8 миллион гектар аумақта жерді шегірткеге қарсы қорғау шаралары аяқталды. Бұл жөнінде World of NAN Үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еске сала кетейік, ауа райының қолайсыздығынан өңдеу қиынға соғып, кейбір шегірткелер қанаттанып, шаруалардың наразылығын тудырған еді. Бүгінде шекаралас аймақтардан зиянкестердің келу қаупі бар.
«18-20 шілдеде Орынбор облысынан Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданына итальяндық шегірткелердің ұшып келу жағдайлары тіркелді. Біз өңдеуді жедел жүргіздік, қазір шекаралық аумақты бірлесіп зерттеу үшін ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы.
Айта кетерлігі, кейбір шаруашылықтар мемлекет көмегін күтпей, егінін қорғау үшін Ресей аумағының бір бөлігін 100 метр тереңдікте өңдеген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение