Мәзір

Қисын қайда? Күнбағыс экспортын шектеді, ал оның өндірісі төмендеді

06.02.2024
Қисын қайда? Күнбағыс экспортын шектеді, ал оның өндірісі төмендеді

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 409,2 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,6%-ға аз. Бұл ретте рафинадталған май өндірісі 22,1%-ға, яғни 125 мың тоннаға дейін қысқарды. Бұл жайлы World of NAN порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еске салайық, 2023 жылдың ақпанында күнбағыс тұқымын экспорттауға 20% немесе тоннасына кемінде 100 еуро көлемінде экспорттық баж салығы енгізілген болатын. Бұл ел ішінде өңдеуді арттыру үшін жасалды. Бірақ статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, өңдеу, керісінше, төмендеген. Біздің «интеллектуалдық деңгейі жоғары» шенеуніктер бұл мақсатқа жетті ме?

Бұл ретте өңдеушілер экспортты ұлғайтып, ішкі нарықтағы сату көлемін қысқартып отыр. 2023 жылдың басынан қараша айына дейін елден 326,1 мың тонна күнбағыс майы экспортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 61 пайызға артық. Бірақ ішкі нарықтағы сатылым 239,3 мың тоннаны құрап, жылдық 36,9%-ға төмендеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии