ҚР Ауыл шаруашылығының министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде биылғы жылғы егін мөлшерін шамамен болжап айтты.
Аталған министрлік басшысының айтуы бойынша, ағымдағы жылы қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныстың артуын ескере отырып, ауылшаруашылық дақылдарының алқабы 237,7 мың гектарға кеңейтіліп, 22,5 миллион гектарға жеткізілді. Сонымен қатар егістікте жоғары рентабельді-сұранысқа ие дақылдардың өсуі қамтамасыз етілуде. Нәтижесінде майлы дақылдар алқабы 122,2 мың га (3 млн. га), жемшөп дақылдары 308,6 мың га (3,6 млн. га), бақша дақылдары 11,5 мың гектарға дейін артты (272,6 мың га), көп сұранысқа ие қарақұмық - 30,9 мың га (99,2 мың га) болды.
«Мұндай көлемде себілген астық пен бұршақ дақылдарының жалпы түсімін 18,5 млн. тоннаға (6,3%), майлы дақылдардың 2,8 млн. тоннаға (12%), жемшөптің көлемі 33 млн. тоннаға (1,5%) және көкөніс бақша өнімдері 7 млн тонна (4,5%) болады деп күтілуде», - деді Омаров.
Сонымен қатар биыл тұқымдарды, пестицидтер мен тыңайтқыштарды субсидиялауға 11,4 млрд. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінгенін атап өтті.
Елімізде импортты алмастыру мақсатында бау бақша отырғызуға арналған инвестициялық жобалар іске асырылуда. Жабық топырақ аумағын кеңейту жалғасуда. Суармалы жер көлемі 60 мың гектарға ұлғайтылады. Бұған заманауи суару жүйелерін сатып алу үшін инвестициялық субсидиялау нормаларының артуы ықпал етеді.
Қазіргі уақытта жоғары репродукциялы тұқымдар себілетін жерлердің үлесін көбейту ісі қолға алынды, сонымен қатар тыңайтқыштар көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру жалпы өнім өндірісін 3,1 трлн. теңгеге дейін (ҚҚК 2,5%), яғни жоспарланған көрсеткіштерге дейін арттыру көзделген», - деді министр.
Ақпарат көзі: eldala.kz
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение