Сенат депутаты Әли Бектаев депутаттық сауалында кәдеге жарату алымын ауыл шаруашылығы техникасынан алып тастау мәселесін көтерді, деп хабарлайды World of NAN.
Егіс алқаптарында 65 мың трактор, 43 мың комбайн жетпейді. Бұл ретте техниканы жаңартудың жылдық көлемі 4,5 пайызды құрайды, мұндай қарқынмен тек трактор тапшылығын жою мен комбайн паркін жаңартудың өзіне 14-15 жыл қажет.
Өкінішке қарай, Қазақстанда құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасының 42-44 пайызды ғана осында жасалады. Негізгі қосалқы бөлшектер импортталады. Сол себепті де түпкілікті өнім бағасы тым қымбат, фермерлерге қолжетімсіз. Депутат жаңа техниканы сатып алу үшін кәдеге жарату алымының қымбаттығын да атап өтті. Бұл фермерлердің жаңа техника сатып ала алмай, ескірген трактор мен комбайндарды тоқтаусыз пайдаланып, үнемі жөндеуге мәжбүр болуына алып келеді.
«2024 жылғы жағдай бойынша, кәдеге жарату алымының көлемі бір тракторға 370 мыңнан 7 380 000 теңгеге дейін және бір комбайнға 1 600 000-нан 8 300 000 теңгеге дейін жетіп отыр. Шаруалар үшін бұл қомақты сома. Кәдеге жарату алымын төлей алмайтын шаруа қожалықтары жаңа техника сатып алуды тоқтатты. Олар ескі техникамен егін егіп, жинайды, ескірген машиналарды қосалқы бөлшекке пайдаланады, қалғанын металға өткізеді. Ендеше, қайта өңдеу алымын жинайтын «Жасыл Дамудың» бұл үдерістегі рөлі қандай? Мемлекет ауылшаруашылық техникасын кәдеге жарату алымынан бас тартудан ұтпаса, ұтылмайтыны анық», - деді Әли Бектаев.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение