Мәзір

Қызық дерек: Қазақстандағы әрбір төртінші фермерлік шаруашылықты әйел басқарады

01.02.2024
Қызық дерек: Қазақстандағы әрбір төртінші фермерлік шаруашылықты әйел басқарады

Қазір Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі әрбір төртінші (27,5%) шаруа қожалығын, серіктестікті немесе жеке кәсіпкерлікті әйел басқарады. World of NAN бұл туралы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауыл шаруашылығындағы 83,8 мың әйелдер тек сиыр сауып, жылыжайда қызанақ бағып қана қоймай, салық төлеп, субсидия сұрап, асыл тұқымды мал сатып алып, жер астында дәмді ірімшік жасап, банан өсіруде.

Былтыр әйелдер басқаратын жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы саны 12,2% — 74,7 мыңнан 83,8 мыңға дейін өсті, олардың негізгі бөлігі — 91,2%-ы — шаруа қожалықтары, акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден тұрады. Мұндай әйелдер кәсіпорындарының 8,8%-ы ғана жеке кәсіпкерлік нысанында.

Еліміздегі әйелдер шаруашылығындағы сөзсіз көшбасшы — Түркістан облысы. Онда әйелдер басқаратын 23,8 мың кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Жалпы, шаруашылық меңгеруші әйелдердің басым бөлігі оңтүстікте тұрып, жұмыс істейді. Олардың жалпы үлесі 68,7%.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии