Мәзір

Жасанды интеллект фермерлердің терең білімін алмастыра алмайды

26.12.2023
Жасанды интеллект фермерлердің терең білімін алмастыра алмайды

АҚШ-та 200-ге жуық AI (жасанды интеллект) негізіндегі ауыл шаруашылығы стартаптары бар, бұл ауыл шаруашылығындағы процестерді автоматтандыруға қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді, деп хабарлайды World of NAN.

Өнімділікті арттыратын жүргізушісіз тракторлар мен автономды бүріккіштер сияқты инновацияларда автономдыққа бетбұрыс айқын көрінеді. Әрине, Қазақстанда мұндай жаңашылдықтар туралы айтуға әлі ерте. Дегенмен болашақ біздің елге баяу қарқынмен болса да келеді.

Жасанды интеллект қалай қызмет ете алады? Мысалы, Батыста AI нарықтық үрдістерді, ауа райы деректерін және сату көрсеткіштерін талдау арқылы инвентарлық қорды басқаруда қолданылады. Яғни, қандай өнімді және қай уақытта мүмкіндігінше тиімді сатуды компьютер өзі таңдайды. Бұл қорларды сауатты сұрыптауға және максималды маржаны алуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект дала жұмыстарында әлі де кеңінен қолданыла қойған жоқ. Өйткені жалпы деректер шаруашылық жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Әр ферманың өзіндік ерекшелігі бар екені және кейбір жалпылама ұсыныстар жұмыс істемеуі мүмкін екені белгілі. Сондықтан жасанды интеллект әзірге фермерлердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан терең білімін алмастыра алмайды.

Дегенмен, өңдеу өнеркәсібі жасанды интеллектпен бірге дамуын жалғастыруда. Сондықтан ғалымдар болашақта фермерлердің біліміне сүйенетін жасанды интеллектінің ауыл шаруашылығындағы рөлі арта түседі деп күтеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии