Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы субсидиялар мен мал шаруашылығы және ет өңдеу салаларындағы мемлекеттік көмектің ұлғаюы арқасында елімізде 2020 жылғы қаңтар-қараша айларында ет өндіру көлемі (құс етін қоспағанда) 430 мың тоннадан асты. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға артық, деп хабарлайды World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, шұжық өнімдерін өндіру 12%-ға (48-ден 53,8 мың тоннаға дейін) және ет консервілерін өндіру 13,8%-ға (7,7-ден 8,8 мың тоннаға дейін) артқан.
Сиыр етінің экспорт көлемі де өскен. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қазан аралығында экспорт 26,4 млн АҚШ долларын құраған екен.
Ет өңдеуші кәсіпорындардың қуатының артуына министрлік мамандары өткен жылғы АШМ енгізген тірі мал экспортына мораторий жариялауы да оң әсерін тигізді деп санайды. Бұл шара жануарлардың еліміздің шекарасынан жаппай шығарылуын тоқтатып қана қоймай, Президент тапсырмасына сәйкес дайын өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік беріпті.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ет өңдеушілер үшін төмендегі мемлекеттік қолдау түрлері бар екенін естеріңізге сала кетейік: 1) жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуға және жаңа зауыттарды салуға инвестициялық салымдардың бір бөлігін өтеу (25%-ға дейін); 2) айналым және негізгі құралдарға арналған несиелер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау; 3) «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде, оның ішінде ет және құс етін өндірушілерге жеңілдікпен несие беру қарастырылған.
Сонымен қатар, ҚР АШМ өгізшелерді ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру кезінде фермерлерді субсидиялау шараларын да енгізген болатын. Мал өсірушілер жануарларды ет өңдеу кәсіпорнына өткізген кезде мемлекеттен қосымша бір килограмм тірі салмақ үшін 200 теңгеден ала алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение