Тозған жабдықты пайдалану жөндеу жұмыстары мен жанармай материалдарына кететін шығындардың орта есеппен 20%-ға артуына және жалпы өнім көлемінің шамамен 14%-ын жоғалтуғаа әкеледі, деп хабарлайды World of NAN.
Қазақстанда 26 мыңнан астам комбайн (71%) тозығы жеткен санатына жатады. Ал осы санатқа тракторлардың 108 780 (76%) данасы жатады. Яғни, мәселе қазірдің өзінде төзу мүмкін емес мөлшерге дейін өсті әрі Қазақстанның кең-байтақ аумағы болмаса, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнетін еді.
Қарабайыр әдіспен есептесек, егістік алқабының 71 пайызында егіннің 14 пайызға жуығы алынбайды деп айтуға болады. Бұл мәселені бір шаруашылықта қарастырсақ, қорытындыға келу қиын. Дегенмен ұлттық масштабта жағдай аса ауыр болып көрінеді. 2022 жылды алсақ, ол кезде шаруалар 17 миллион гектардан 22 миллион тоннадай жақсы өнім жинады. Егіс алқаптарының 70 пайызы тозығы жеткен комбайндармен жұмыс істейтінін ескерсек, республика бойынша орташа есеппен 2 миллион тоннаға жуық астық алынбай қалды. Бұл көлем айтарлықтай мол, өйткені фермерлер үлкен пайдадан құр қалып, сонымен қатар техниканы жөндеуге көбірек ақша жұмсады.
Әрине, көлік паркін жаңарту әрбір шаруаның жеке мәселесі. Бірақ ауыл шаруашылығы техникасының ішкі нарығы тым тұрақсыз. Ойлап көріңіз, 2022 жылы жабдық бағасы орта есеппен 30 пайызға немесе одан да көп өсті. Ал екінші деңгейлі банктерден несие алу қатаң кепіл саясаты мен жоғары пайыздық мөлшерлемеге байланысты өте қиын.
Жалғыз қолайлы жұмыс құралы – ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу. Лизингтің арқасында ауылшаруашылық техникасын жаңарту қарқынын екі есеге арттыруға болатынын осыған дейін айтқанбыз. Алайда бүгінде бөлінген қаржы жеткіліксіз болып отыр. Жаңарту қарқыны төмен болуын жалғастырып, мәселе жылдан жылға ушығып барады. Сондықтан билік өсіп келе жатқан мәселеге назар аударып, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруды еселеп арттыруды қайта қарастыруы керек. Осылайша мемлекет мәселені тез арада шеше алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение