Мәзір

Израильдік инвесторлар Шымкентте тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаруға ниетті

17.06.2021
Израильдік инвесторлар Шымкентте тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаруға ниетті

Израильдік компания Қазақстанда тамшылатып суаруға арналған полиэтилен құбырларын өндіруге қызығушылық танытып отыр. Аталмыш жобаны талқылау және серіктестік жайлы келіссөздер жүргізу мақсатында инвесторлар Шымкент қаласына келді деп хабарлайды World of NAN, қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Израильдік «METZER PLAS» компаниясының өкілі Шмуль Шчупакты қала басшысы Мұрат Әйтенов қабылдады. Кездесу барысында тараптар екі елдің ынтымақтастығын нығайту және ирригацияға арналған құбырлар өндірісін іске қосу мәселелерін талқылады.

Аталмыш израильдік компания ауыл шаруашылығындағы суару қондырғыларын шығаратын жетекші компаниялардың бірі ретінде танымал. Өндірушілер өз тұтынушыларына су ресурстарын ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын ұсынады. «Ирригатор Казахстан» ЖШС осы компанияның ресми өкілі болып табылады.

Бүгінде Израиль су үнемдейтін жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін сәтті қолдана отырып, аргоөнімдерді экспорттау бойынша әлемде жетекші орын алатынын атап өткен жөн. Қазіргі күні тамшылатып суару технологиясы әртүрлі салаларда пайдаланылады.

Компанияның Басқарма Төрағасы Шмуль Шчупак кездесу кезінде өндірісті орналастыру аймағы ретінде Шымкент қаласын таңдаудың мәнісін де түсіндіріп, іскерлік қарым-қатынас орнатуда қолдау көрсетуді сұрады.

Кәсіпкердің сөзінше, компания басышлығын қаланың географиялық орналасуы, қолайлы климаты қызықтырған.

Өз кезегінде қала әкімі шаһардың инвестициялық артықшылықтарына тоқталып, қалада «Оңтүстік», «Тассай» 3 индустриялық аймағы, арнайы-экономикалық аймақ және бір сауда-логистикалық орталық жұмыс істейтінін жеткізді.

 «Мұнда қаражатты тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдай жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімге жалға тегін жер учаскелері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылады. Арнайы экономикалық аймақта жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге салық бойынша жеңілдіктер қарасытрылған. Бұдан басқа, қала көлік-логистикалық хаб ретінде дамып, екі өңірдің экономикасын біріктіріп, Қазақстанның халықаралық саудадағы Оңтүстік қақпасына айналады» – деді қала әкімі бірлескен жобалардың жүзеге асырылатынына сенім білдіріп.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии