Мәзір

Ақмола облысының фермерлері қандай жобаларды іске қосады?

01.02.2024
Ақмола облысының фермерлері қандай жобаларды іске қосады?

Облыста 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласында 25 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, өңір шаруалары мал шаруашылығына ден қоюда, деп хабарлайды World of NAN.

Астрахан ауданындағы «Камышенка» ЖШС 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салып, 869 гектар жерге мал азықтық дақылдарының суару жүйесін ұйымдастырады. Ал «Зеленое-1» ЖШС 300 га жемдік дақылдар алқабына суару жүйесін орнатады.

Атбасар ауданында «Бидай Агро Трейд» ЖШС 600 миллион теңгеге 2000 тонналық астық сақтайтын қойма салады.

Бұланды ауданында «Журавлевка-1» ЖШС сұйық тыңайтқыштар шығарумен айналысады. Жобаның қуаттылығы жылына 3000 тонна, инвестиция көлемі 600 миллион теңге.

Қорғалжын ауданында 700 және 120 басқа арналған екі ет фермасы іске қосылмақ.

Ақкөл ауданында сыйымдылығы 100 тонналық шағын астық қоймасы салынады. Сондай-ақ Бурабай ауданында 50 басқа арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылады.

Біржан сал ауданында қуаттылығы жылына 720 тонна құрайтын жем-шөп өндірісі жолға қойылмақ. Сондай-ақ ауданда 600 және 1000 басқа арналған екі ет фермасы іске қосылмақ.

Егіндікөл ауданында 500 басқа арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылады, оған «Қоржынкөл-А» ЖШС 1,5 млрд теңге инвестициялайды.

Ал Ерейментау ауданында қуаттылығы 3800 тонна мақсары мен картоп өсіру ісі қолға алынбақ. Сондай-ақ, «AGRO GREEN CONSORCIUM» ЖШС 1000 га жерге жемдік және монокультуралық суару жұмыстарын жүргізеді.

Есіл ауданындағы «Ново-приречное» ЖШС 1,5 млрд теңгеге астықты бастапқы өңдеу және сақтау жобасын іске қоспақ. Дәл осы ауданда 400 басқа арналған ет фермасы іске қосылады. Жарқайың ауданындағы «Саян» ​​шаруа қожалығы мал азығы үшін 314 гектар алқапқа суару жолын жолға қойюды көздейді.

Сандықтау ауданында үш жоба іске қосылады: 100 басқа арналған сүт-тауарлы ферма, жылына 20 тонна мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорны, 400 гектар көкөністерді суару жүйесі.

Көкшетау қаласының өзінде өсімдік өнімдерін өңдейтін екі зауыт іске қосылады. Оның бірінде дәнді дақылдар, ал бірінде мал азығы өңделеді.

Қосшыда ет өңдейтін екі жоба ашылады. Бірінің өнімділігі жылына 3000 тонна болса, екіншісі жылына 15 тонна ғана.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии