Мәзір

Ауыл шаруашылығы министрлігінің болашаққа жоспары қандай?

21.02.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігінің болашаққа жоспары қандай?

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров брифинг барысында ауыл шаруашылығын дамыту жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды World of NAN.

Өсімдік шаруашылығы саласында егіс алқаптарын әртараптандыру жоспары белгіленген. 2028 жылға қарай дәнді дақылдар алқабын 855 мың гектарға қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қарақұмық дақылдарын 50 мың гектарға, майлы дақылдарды 3,7 миллион гектарға дейін ұлғайту биылғы жылғы жоспарда бар.

«Сонымен қатар, елімізге қуатты жемдік азық-түлік қоры қажет, бұл үшін бес жыл ішінде мал азығы дақылдарының алқаптарын 500 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда», - деп қосты министр.

Мал шаруашылығына қатысты жоспар да кішкентай емес. 2027 жылға қарай ведомство құс етін әкелуді тоқтатуды жоспарлап отыр. Үш жылдың ішінде құс шаруашылығына 27 жоба енгізбек.

«ІЖӨ-ні ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейту керек. 2029 жылға қарай ірі қара мал басын 11 миллион басқа, ұсақ малды 30 миллион басқа жеткізу керек. Малдың өнімділігін арттыру үшін тұқымдық трансформацияны жалғастыру қажет. Бұл ретте жол картасы аясында тұқымды трансформациялаумен қамтылған асыл тұқымды малдың үлесін 31-ден 55 пайызға дейін арттыру жоспарлануда», - деп түйіндеді Сапаров.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии