Мәзір

Павлодар облысында қандай ауыл шаруашылық жобалары іске қосылады?

17.01.2024
Павлодар облысында қандай ауыл шаруашылық жобалары іске қосылады?

Биылғы 2024 жылы облыста жиырма ауыл шаруашылығы жобасын іске қосу жоспарланған, олардың көпшілігі көкөніс өсіруге бағытталған, деп хабарлайды World of NAN.

Екібастұз қаласында бірден екі 3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы ашылады. Ал «Корн Агро» ЖШС картоп өсіру үшін 300 гектарға суару жүйесін орнатпақ.

Ақсу қаласында 10 және 20 мың тонналық екі көкөніс сақтау қоймасы іске қосылады. Ал «Кронос-Павлодар» ЖШС 10,3 млрд теңгеге 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салады.

Ақтоғай ауданында 9 мың тонналық астық кептіргіш пен механикаландырылған қырманы бар астық қоймасы салынады. Сондай-ақ фермер картоп өсіру үшін 746 гектар алқапқа суару жүйесін орнатпақ.

Железин ауданында бір ғана жоба іске қосылады. «Жұмабек Агро» ЖШС 841 гектар алқапқа жем үшін суару жүйесін орнатады.

Ертіс ауданында көкөніс өсірушілер 3500 және 536 гектар жерге картоп өсіретін суару жүйесін орнатпақ. Тереңкөл ауданында фермер суару жүйесін 92 гектарға кеңейтпек.

Аққұла ауданында 200 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңы ашылады. Жоба 300 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Май ауданында 1200 және 4500 гектарды құрайтын екі суармалы алқап іске қосылады. Фермерлер картоп, жем-шөп, дәнді дақылдар өсіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Май Агро-М» ЖШС 8500 тонналық көкөніс сақтайтын қойма салады.

Павлодар ауданында 400 миллион теңгеге күркетауық өсіретін өндіріс салынады. Сонымен қатар, 1200 бас малға арналған 7 млрд теңгелік сүт-тауарлы ферма іске қосылмақ. Одан бөлек 10 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салынып, жүгеріге арналған 420 гектар жердің суару жүйесі қайта жаңғыртылады.

Успен ауданында сүрлемге арналған жүгері өсіру үшін 553 гектар суармалы учаске салынады. Сондай-ақ қыркүйек айында 500 басқа арналған сүт фермасы пайдалануға беріледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии