Мәзір

Түркістан облысында қандай ауыл шаруашылық жобалар іске асырылады?

19.01.2024
Түркістан облысында қандай ауыл шаруашылық жобалар іске асырылады?

Облыста биылғы 2024 жылға жоспарланған ауқымды жобалар бар. Жалпы құны 87,96 млрд теңгені құрайтын 48 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде World of NAN порталы әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәселен, облыста жылдық жалпы қуаттылығы 12 655 тонна ет өндіретін үш құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарланған. Бұл кәсіпорындарға 5,4 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады.

8,259 млрд теңгеге жылдық сыйымдылығы 20 850 тонна болатын сегіз жеміс-көкөніс қоймасын тұрғызу да жоспарға енген.

Жалпы қуаттылығы 2200 басқа арналған бес сүт-тауарлы фермасы іске қосылады. Осы жобаларға 11,5 млрд теңге инвестиция салынады.

Бес фермер 7629 гектар жерге жаңбырлатып суару жүйесін орнатпақ. Бұл мақсатты іске асыруға шамамен 9,893 млрд теңге жұмсалады. Сондай-ақ 1270 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі іске қосылып, төрт инвестор оған 2,940 миллиард теңге инвестициялайды.

Сонымен қатар, 5,3 миллиард теңгеге жылдық қуаттылығы 4341 тонна болатын екі жылыжай жобасын ашуды жоспарлап отыр.

Мал шаруашылығы саласы бойынша жылдық қуаттылығы 142 600 бас ірі қараны құрайтын 6 бордақылау алаңын ашу жоспарға енген. Инвесторлар бұл жобаларға шамамен 25,910 млрд теңге инвестициялайды. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсететін үш қасапхана іске қосылады, олардың жылдық қуаттылығы – 50 050 бас ірі қара, инвестиция көлемі – 2,4 млрд теңге.

Жылдық қуаттылығы 12 мың бас мал басын құрайтын мал биржасын іске қосу да жоспарланып отыр, инвестиция көлемі 4 млрд. Ал 3,8 млрд теңгеге жылдық қуаттылығы 59 880 тоннаны құрайтын үш жем зауыты салынады. Одан бөлек 5,5 миллиард теңгеге жылдық қуаттылығы 2 мың тонна ірі қара және қой қалдықтарын өңдейтін зауыт іске қосылады.

Өңірде 1,5 млрд теңгеге қуаттылығы жылына 130 тонна болатын бір балық шаруашылығы жобасы іске асырылмақ.

5,55 миллиард теңгеге кәсіпкер жылдық қуаттылығы 3 мың тонналық мақта майын шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бір инвестор шиит мақтасын өңдеумен айналысады, жоба 400 млн теңгеге бағаланып отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии